«Харасан-2» кеніші ең табысты кеніштердің бірі болып табылады, себебі кенді горизонттан шығару 90 пайызды құрайды.
Солтүстік Харасан кенішінде өндіріс жерасты ұңғымалық сілтісіздендіру әдісімен жүзеге асырылады. Бұл табиғи уранды жер бетіне шығармай тереңдікте өнімді ерітіндіге айналдыру арқылы дамыту әдісі. Кеніштерді дамытудың бұл технологиясы кез-келген шаң көздерін толығымен жоққа шығарады және радиоактивті ластану қаупін азайтады.
Әдіс технологиялық блоктарға біріктірілген технологиялық ұңғымаларды салудан тұрады, онда сілтілеу ерітінділері жер бетінен кенді сулы қабатқа жеткізіледі, уран кендерінен сілтілеу арқылы мәжбүрлі сүзгілеу, содан соң құрамында уран бар өнімді ерітінділерді жер бетіне көтеру және уранды сорбциялық шығаруға арналған өңдеу кешеніне тасымалдау жүзеге асады.
Бұл қазіргі уақытта әлемдегі экономикалық тұрғыда ең үнемді, экологиялық таза және жоғары технологиялық әдіс болып табылады.
Кенішті пайдаланудың болжалды мерзімі кем дегенде 30 жылда «Харасан-2» кенішінің өндірістік қуаты жылына 2000 тонна уранды құрайды деп бағаланады.
«Байкен-U» ЖШС қызметінің негізгі бағыттары:
- табиғи уранды өндіру және өңдеу;
- U3O8 дайын өнімдерін шығару;
- өнімді сату.