Біз туралы

«Байкен-U» ЖШС 2006 жылдың 1- наурызында құрылды. Компанияны құрған кездегі негізгі міндет - Қазақстан Республикасы Қызылорда облысында орналасқан Харасан-2 аймағында және Солтүстік Харасан кенішінің оңтүстік-шығыс қапталында барлау жұмыстары мен кейіннен өндіру жұмыстарын жүргізу.

«Байкен-U» ЖШС құрылтайшылары - жапондық энергетикалық компаниялардың консорциумы Energy Asia Limited (95%) және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (5%) болып табылады.

Биыл компанияның құрылғанына 14 жыл толды, құрылған кезден бастап,   геотехнологиялық сынақ алаңы бар өндірістік аймақ құрылысында геологиялық барау жұмыстары мен құрылыс жұмыстары жүргізілді,  шөлді аймақта автономды кешен салынды, оған персоналға арналған толық кешенді тұрмыстық қызметтерден тұратын   вахталық қалашық, әкімшілік-тұрмыстық комбинат, соңғы жабдықтармен жабдықталған заманауи физикалық-химиялық зертхана, екі уранды қайта өңдеу цехы, оның ішінде өнімді ерітіндіні қайта өңдеуге арналған цех және аффинаж  цехы, сонымен қатар кеніштің энергия тұтынуын ішінара қамтамасыз ететін күн сәулесінен жұмыс істейтін электр станция кіреді.

Қызылқұм шөлінде кәсіпорынның ғана емес, бүкіл аймақтың жаңа даму кезеңі басталды.