ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер Туралы» ҚР заңының 4-бабына сәйкес, 2008 жылдың 12 мамырда кәсіби мерекені құру туралы Жарлыққа қол қойды.
Хабарламада көрсетілгендей, қазақстан күнтізбесінде жаңа кәсіби мерекенің пайда болуы, еліміздің экономикалық дамуында атом саласының маңызды рөл атқаратындығын куәландырады.
Бүгінгі таңда Казатомпром - отандық ғылымның жетістігінде негізделген, қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорындар альянсының үлгісі. Уран өндіру мен өңдеу саласындағы Казатомпром базасында әзірленген технологиялық және техникалық платформалар, әлемдегі ең озық болып табылады. Қазатомпром кәсіпорындарында бұл стратегиялық шикізатты өндіру ең экологиялық қауіпсіз және экономикалық тиімді жерасты шаймалау тәсілімен жүргізіледі.
Бүгін, барлық өндіріс кәсіпорындармен қатар, «Байкен-U» ЖШС «Харасан-2» кенішінде атом өнеркәсібі күнін атап өтуде. Байкендіктер өз кәсіби мерекелерін жақсы көрсеткіштермен қарсы алды! Биылғы жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қойылған міндеттеріне сәйкес бүкіл өндірістің трансформация жолына жолдама анықталды. Уранды өндіру мен қайта өңдеу өндірістік бағдарламаға сәйкес орындалған.
«Харасан-2» кенішінде 80 орынға арналған вахталық кенттің жаңа ғимараты іске қосылды, өндірістік персонал қызметкерлері үшін жасанды жабынмен спорт алаңы және жүгіру жолы салынды. Кеніштің барлық әкімшілік, сондай-ақ өндірістік ғимараттарында және вахталық кентінде ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кабинеттер мен цехтар, қызметкерлердің тұратын бөлмелері жаңартылды.
Атом саласындағы жұмысшылар күніне орай кәсіпорында кеніш учаскелер мен бөлімшелердің арасында спартакиада жоспарланып, өткізілді. Жеңімпаздар кубоктармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Талантты қызметкерлердің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, олардың арасында өндірістік, сондай-ақ инженерлік-техникалық персонал қызметкерлері де болды.
Мереке барлығына есте қаларлықтай ұнады. Біз «Байкен-U» ЖШС, бас директоры Б.А. Бердалиевтың басшылығымен тек өндірістік мәселелер мен міндеттерді шешуге ғана емес, сонымен қатар өзін дарындылығы мен қабілеттілігі сияқты түрлі қырынан таныта алатындығына сенімдіміз.