Спартакиада әлдеқашан асыға күтетін оқиғаға айналды. Қызметкерлер үшін бұл басқа қаланы, өз әріптестерін көріп қалу және жасыратыны жоқ, өзін көрсетіп, басқаларды да сынап көрудің бірден-бір мүмкіндігі. Сол себепті, жаз мезгілі бастау алғаннан бастап, барлығы Спартакиаданың өтуін тағатсыздана күтеді. Қазатомпромдықтар 16-шы рет спорт алаңында жиналады, және де осымен 3-ші рет бұл шара Астана қаласында өткізіліп отыр. Осы Спартакиадаға 22 кәсіпорыннан 811 адам қатысты, олардың арасында «Байкен-U» ЖШС да бар. Спортшылар бір-бірімен екі топта 7 спорт түрінен сайысты: волейбол, баскетбол, мини-футбол, жеңіл атлетика, үстел теннисі, бадминтоне және шахмат. Қатысуға жасы 18-ден кем емес, холдингтің компанияларында кемінде алты ай жұмыс жасаған қызметкерлер жіберілді.
Спартакиаданың ашылуы бұл жылы Назарбаев университетінің спорт кешенінде өтті. Салтанатты ашылу шарасында үлкен спорттық залда барлық командалар әдемі фирмалық киімдерімен тізіліп тұрды. Спартакиадаға қатысушыларды ең алғаш болып басқарма төрағасы құттықтады.
Спартакиаданың ашылу құрметіне холдингтің спорттық өміріне өз үлесін қосу үшін ҰАК және ЕТҰ барлық басшылығы 3 шақырымдық жүгіруге қатысты. Содан соң сайыстар басталып кетті. Олар әр түрлі спорттық объектілерде өтті және ондағы атмосфераның ыстық болатыны кірген кезде ақ түсінікті болды. Спортшылар құмарлықпен, толықтай беріліп ойнады. Бұл уақытта стадионда жеңіл атлеттер жаттығып, ал кабинеттерде шахматшылар кезекті жүріс барысын ойластырып жатты.
Қатысушылардың арасында МАЭК және УМЗ әрқашан ең күшті командалар болып саналған. Биылғы жылы олар түрлі топтарда ойнады. Спартакиаданың бес күні байытылған режимде өтті, күн сайын жаңа жеңімпаздар анықталып отырды. Спартакиаданың жабылуы күні барлық командалар сол Назарбаев университетінің спорт кешенінде жиналды. Спортшылардың бірі марапаттау сәтін асыға күтіп, қуанышты болса, енді бірінің ақталмаған үміті үшін еңсесі түсті.
Спартакиаданың қорытындысы бойынша «А» тобында 1-ші орынды және чемпион атағын «МАЭК-Казатомпром» ЖШС алды, 2-ші орында «Қаратау» ЖШС, 3-ші орынды «Казатомпром-SaUran» ЖШС иеленді. «В» тобында жалпы командалық 1-ші орын мен кубокты УМЗ АҚ құрамасы жеңіп алды, 2-ші орынды - «Аппақ» ЖШС және 3-ші орынды «СП«Инкай» ЖШС спорт ұжымы жеңіп алды. «В» тобында қатысқан «Байкен-U» ЖШС жалпы командалық 5-орынды иеленді.