Соңғы кезде әлемдегі атом электр станциялары өндіретін электр энергиясының үлесі жыл сайын артып келеді. Сәйкесінше, энергия тасымалдаушысы уранға деген сұраныс та пропорционалды түрде өсуде. Қазақстан Республикасы табиғи уранның ірі өндірушісі ретінде әлемде жетекші орында тұр және бұл позицияларды нығайтуға «Байкен-U» ЖШС айтарлықтай үлес қосуда.
«Байкен-U» ЖШС Сырдария уран кенді провинциясының ірі кеніші болып табылатын Солтүстік Харасан кенішінде уранды барлау және өнеркәсіптік өндіруді жүргізеді, 2005 жылы Қазақстан Республикасының уран өнеркәсібін дамытудың бас жоспарына сәйкес ол: Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында орналасқан Харасан-1 және Харасан-2 болып екі алаңға бөлінді.
2007-2012 жылдар аралығында Харасан-2 кенішінің құрылысы жүргізілді.
2008 жылы тәжірибелік алаң пайдалануға берілді, оның құрамына күкірт қышқылы қоймасы, ҚЕ және ӨЕ тұндырғыштары, сорғы бөлмесі, қойма үй-жайы және мамандарға арналған кеңселер үшін бірнеше құрама үйлер кірді.
2008 жылы Сырдария өзені арқылы өтетін көпір мен Жаңақорғанды Харасан-1 және Харасан-2 кеніштерімен байланыстыратын асфальт жолдың құрылысын қаржыландыру үлесіне қатысты.
2010 жылы заманауи вахталық кешен, әкімшілік-тұрмыстық комбинат және физикалық-химиялық зертхана пайдалануға берілді.
2012 жылдың 16 мамырында өнімді ерітінділерді өңдеу цехның алғашқы модулі іске қосылды.
2012 жылдың 12 қарашасында аффинаж цехы іске қосылды.
Кеніште өндіру жұмыстары Қазақстандағы ең терең кеніштердің бірі 600-ден 700 м тереңдікте орналасқан кен горизонттарынан жүзеге асырылады. Негізгі міндет - кеніштің өндірістік тиімділігін дәлелдеу, жиналған жетіспеушіліктерді жою, барлау мен өндірудің оңтайлы технологиясын таңдау болды, ол үшін бірегей, мол тәжірибелі мамандар жұмысқа тартылды, көптеген талдаулар жүргізілді, геофизикалық деректер қайта тексеріліп, натуралық тәжірибелер жүргізілді, нәтижесінде 2010 жылдан бастап өндірістің жоспарлы артуы басталды.