«Байкен-U» ЖШС табиғи уран өндірумен айналысатын Серіктестік, Адам саны 500-ден астам, «Харасан-2» кенішінің өндірістік объектісінде - 450-ге жуық адам.
Кадрлық саясаты Компанияның кадрлық әлеуетін сақтауға және нығайтуға бағытталған, уәждеудің тиімді жүйесін құру және қызметкерлердің толыққанды дамуына жағдай жасау.
Біз тиімділік дәрежесі бойынша еңбекті ынталандыруға зор маңыз бере отырып, өз қызметкерлеріміздің нәтижеге қол жеткізуге ұмтылуын, ұжымда жұмыс істеуге және жауапкершілікті мойнына дайындығын бағалаймыз.
«Байкен-U» ЖШС-не бос әкімшілік лауазымдар үшін жұмысқа алу үміткерлерді конкурстық іріктеу арқылы жүзеге асырылады.
Қызметкерлерді іздеу кезінде біз әр түрлі коммуникациялық арналарды пайдаланамыз.
- Қоғамдық веб-сайтында, корпоративтік порталында, мамандандырылған интернет-ресурстарында хабарландырулар орналастырамыз.
- Жұмыспен қамту агенттігінежүгінеміз
- Деректер базасында бізге жиі келіп түсетін түйіндемелерді іздестіреміз.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан түйіндемелерді қабылдау
Біз бос жұмыс орындары жарияланған сәттен кейін 10 күнтізбелік күні ішінде түйіндеме қабылдаймыз.
Іріктелген кандидаттардың кәсіби білімін тестілеу
Конкурстық комиссияның іріктеуі
Кандидаттар құрылымдық бөлімшенің басшысымен сұхбаттасады.
Конкурстық комиссия кандидаттың тестілеу нәтижелерін және құрылымдық бөлімшенің басшысымен сұхбатын ескере отырып, бағалау жүргізеді, содан кейін кандидаттарды ұсыну туралы хаттама жасайды.
Шешім қабылдау
Басқарма Төрағасының Қабылдауымен іріктеуден сәтті өткен кандидаттың жұмысқа қабылдануы туралы шешімі
Еңбек қатынасының рәсімделуі
Еңбек шартын жасасу және жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығару.