Қонақты «Қазатомпром» ҰАК» АҚ ЯОЦ және өндіріс бойынша бас директоры Бауыржан Ибраев және «Байкен-U» ЖШС бас директоры Бауыржан Бердалиев қарсы алып, уран өндірісінің толық циклымен таныстырды. Бұрынғы мемлекет басшысы уранды қалай өндіретін және өңдейтіндігіне қызығушылықпен қарады. Сондай-ақ, Пунсалмаагийн Очирбат вахталық кентте болып, онда тұратын жұмысшылармен кездесті, олардың өндірістегі өмірлеріне аса қызығушылық білдірді. Өз кезегінде Очирбат мырза уран өндірілетін кеніште мұндай жақсы жағдай жасалуы мүмкін екендігін күтпегенін айтып өтті.