Қазақстанның тәуелсіздік Күніне мемлекеттік марапаттар тапсыру

2016 жылдың 13 желтоқсанында Н.Бекежанов атындағы Қызылорда музыкалық-драма театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналыс болып өтті. Іс-шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі Айдар Әріпханов қатысты. Салтанатты жиында түрлі сала қызметкерлері ордендермен, медальдармен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 344 Жарлығына сәйкес өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосқаны үшін және қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін "Байкен-U" ЖШС Бас директоры Бердалиев Бауыржан Алмаханұлы "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды.