"Қазатомпром" ҰАК" АҚ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналыс болып өтті. Ұлттық атом компаниясы басқармасының төрағасы Асқар Жұмағалиев орталық аппарат қызметкерлері мен холдингтің еншілес кәсіпорындарын ең басты мемлекеттік мерекемен құттықтады. Ол атом саласының қызметкерлері тәуелсіз Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқандығын атап өтті. Салтанатты жиналыс барысында Асқар Жұмағалиев мемлекет Басшысының атынан құттықтап, "Қазатомпром" компаниясының үздік қызметкерлерін "Құрмет" және 3-ші дәрежелі "Еңбек Даңқы" мемлекеттік марапат-ордендерімен, "Ерен еңбегі үшін" медалімен, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерейтойлық медалімен марапаттады. "Байкен-U" ЖШС Бас директоры Бердалиев Бауыржан Алмаханұлы "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медаліне ие болды.