Қазақстан Республикасының азаматы. 1984 жылы туылған.
2006 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Қара және түсті металдар металлургиясы» мамандығы бойынша инженер-металлург дәрежесімен бітірді, Қазақстан-Американдық еркін университетінің "Менеджмент" (MBA дәрежесі) мамандығы түлегі (2008 жыл).
Еңбек жолын 2006 жылы «Өскемен титан магний комбинаты» АҚ-да бастады, содан кейін өз қызметін «Қазмырыш» ЖШС ғылыми-зерттеу орталығында жалғастырды.
Өз мансабында инженер-технолог болып, кейіннен «Катко» БК» ЖШС технология және есеп қызметі бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
2017 жылы «Семізбай-U» ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
2020 жылы «Байкен-U» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды.