Бас директор
Қазақстан Республикасының азаматы. 1981 жылы туған.
2004 жылы Томск политехникалық университетін «Қазіргі заманғы энергетика үшін материалдардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша «Инженер» біліктілігімен бітірді. Сондай-ақ 2007 жылы Томск политехникалық университетін «Мемлекеттік және муниципалды басқару менеджері» біліктілігімен «Мемлекеттік және муниципалды басқару» мамандығы бойынша бітірді.
Оның тау-кен менеджменті бойынша MBA дәрежесі бар, Жоғары білім беру федералды мемлекеттік автономды оқу орны Ұлттық зерттеу технологиялық университеті MISIS.
Маркенбаев Жұмағали Жұматайұлы еңбек жолын 2004 жылы «Тау-кен өндіру компаниясы» ЖШС филиалы «Таукент тау-кен-химия комбинаты» Қанжуған кенішінің өнімді ерітінділерді өңдеу учаскесі бастығының орынбасары – технологы болып бастады.
2006 жылдан 2007 жылға дейін кәсіби мансабында әртүрлі лауазымдарда болды. «Таукент тау-кен-химия кәсіпорны» ЖШС-нің химия-металлургиялық комбинатының басшының орынбасары – технолог, бас инженер; 2007-2008 жж «Қаратау» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің бас менеджері; 2008-2018 жж «Ақбастау» БК» АҚ бас инженері, бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары, бас директор; 2018 - 2019 «Заречное» БК» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, бас директор; 2019 - 2022 «Орталық» ДП» ЖШС бас директоры.
2022 жылдың маусым айында «Байкен-U» ЖШС бас директоры болып тағайындалды.